"Қызыл-Жар" командасы қазақстандық қорғаушымен қоштасты

Бағдәулет Қожабаев. Сурет "Қызыл-Жар" клубының сайтынан алынды.
Қазақстандық қорғаушы Бақдәулет Қожабаев петропавлдық "Қызыл-Жар СК" командасынан кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

"Қызыл-Жар СК" футбол клубына үлкен рақмет. Керемет үш жыл болды. Бұл команданың намысын қорғағаныма қуаныштымын. Біз расымен де керемет ұжым және мықты отбасы болдық. Командаға алға қойған мақсаттарын орындауға тілектеспін. Жігіттерге шын жүректен жігіттерге жанкүйер боламын. Қызылжар туралы тек жақсы естеліктер қалады. Команда туралы да, жанкүйерлер жайлы да. Барлығына рақмет. Әлі кездесеміз", - деді Қожабаев. 

Бағдәулет Қожабаев карьерасының басым бөлігін "Ордабасы" клубында өткізген. Шымкенттік команда сапында 124 кездесу өткізген. Сондай-ақ "Ертіс" сапында 18 матчқа шыққан. 

2018 жылдың жазында "Қызыл-Жар СК" командасы сапына ауысып, 29 кездесуге қатысқан. 

Еске салайық, "Қызыл-Жар СК" командасы кеше ел біріншілігінің үшінші турында "Оқжетпес" командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңді. Бұл қызылжардық команда үшін биылғы маусымдағы бірінші жеңісі еді. 








Жаңалықтар