"Қызыл-Жар" командасы "Астана" шабуылшысының орнына сербиялық ойыншыны алды

Неманья Обрадович. Фото: football24.ua

Трансферлік терезенің соңғы күнінде "Қызыл-Жар" 31 жастағы шабуылшы Неманья Обрадовичпен келісім-шартқа отырды.

Обрадович - сербиялық "Рад" клубының түлегі. Сондай-ақ футболшы македониялық "Победа", сербиялық "Вождовац", "Чукарички", "Спартак Суботица", грекиялық "Керкира", "Ламия" және "Ахарнекос", украиналық "Сталь" мен финляндиялық "Хонка" командаларында өнер көрсеткен. Форвардтың соңғы клубы грекиялық "Аполлон" болды

Неманья Сербия чемпионатында 120 матч өткізіп, 25 гол соққан. Ол Сербия жастар құрамасында бір матчқа қатысқан.

Обрадович грузин шабуылшысы Романи Чантурияның орнына шақырылды, "Қызыл-Жар" сәуір айында бұл ойыншымен келісім-шартты бұзған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін петропавлдық ұжым "Астананың" шабуылшысы Семир Смаилагичті жалға алғысы келген еді.

Метки:
Жаңалықтар