Құрбан Бердыев "Қайрат" тізгінін ұстауы мүмкін

Сурет: РИА Новости©
Танымал футбол бапкері Құрбан Бердыев "Қайрат" тізгінін ұстауы мүмкін. Сондай-ақ бұл бапкерді мәскеулік "Динамо" командасы да бас бапкерлік қызметке шақырып отыр. 

"Мәскеулік "Динамо" командасы бас бапкерін ауыстыруы мүмкін. Кеше команда "Локомотив" командасынан 1:2 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінен шығып қалды. 

Кирилл Новиковтың қызметінен қуу туралы шешім әлі нақты қабылданбады. Бірақ мәскеулік команданың басшылары үш бапкер командаға шақыру үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Олар Желько Бувас, Құрбан Бердыев және Дмитрий Парфенов. 

"Динамодан" бөлек Бердыевқа алматылық "Қайрат" та ұсыныс тастап отыр. Бұған дейін негізі Бердыев пен "Қайрат" келіссөз жүргізген. Бірақ ол кезде келісімге келе алмаған еді. Дегенмен, ол әлі алматылық командаға баруы мүмкін", - делінген Sport24 таратқан ақпаратта. 

Қазіргі уақытта "Қайраттың" тізгінін Алексей Шпилевский ұстап жүр. 32 жастағы бас бапкер командаға 2018 жылы келген еді. Ал 68 жастағы Бердыевтің соңғы жұмыс орны "Рубин" болды. Бұл команданы ол 2017-2019 жылдар аралығында жаттықтырды. 




Метки:
Жаңалықтар