ҚПЛ-де ойнайтын команда легионерімен қош айтысты

Сурет клубтың ресми сайтынан алынды.
Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубының сапынан грузиндік Тамаза Цецхладзе кетті. Ол отбасылық жағдайына байланысты екі жақтың ортақ шешімімен келісімшартты бұзды.

Осы маусымда "Қызылжар" сапында грузиндік жартылай қорғаушы үш матч өткізді. Петропавлдық ұжым 3 ұпаймен 10-орынға жайғасты.

Қазақстандық футболға дейін ол грузиялық "Гардабани" және "Торпедо" сынды ұжымдарда доп тепкен. Одан бөлек әзірбайжандық "Сабаил" клубында өз бағын сынаған.
Метки:
Жаңалықтар