Коронавирус? "Қайсар" футболшылары температурамен жатып қалды

Сурет "Қайсар" клубының сайынан алынды
"Қайсардың" бірнеше футболшысы коронвмрус жұқтырып алуы мүмкін, деп хабарлайды спорт тілшісі әрі инсайдер Айдын Қожахмет. 

Футболшылар COVID-19-қа қайта тест тапсырады. 

"Қақпашы Марсель Исламқұлов, қорғаушылар Александр Марочкин, жартылай қорғаушы Марк Гурманның температурасы және вирустың барлық симтомдары бар. Одан бөлек, Иван Граф Хорватиядан келе алмауда. Ол да ауырып жатыр", - дейді Қожахмет. 

Бұған дейін Болгариядан оралған қызылордалық команданың бас бапкері Стойчо Младенов пен оның көмекшілері депортациялуға жақын қалып, Қызылордаға әрең жетті. 

Футболдан ел біріншілігі 1 шілде күні жалғасады. Ойындар жанкүйерсіз арнайы медициналық талаптар бойынша өтеді. 








Жаңалықтар