Командасы жеңілген "Астана" клубының бұрынғы бас бапкері қызметінен босатылды

Роман Григорчук. Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Солигорск қаласының "Шахтер" командасы 56 жастағы украиналық маман Роман Григорчук клубтың бас бапкерлік қызметінен кетті. Бұл туралы KazFootball.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

22 шілде күні беларусьтік команда Конференция лигасының іріктеу кезеңінде Люксембург елінің "Фола" командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Осы ойыннан кейін Григорчук команда басшыларымен кездескен. Кездесу барысында екі тарап келісімшартты бұзуға келіскен. 

Роман Григорчукпен бірге командадан оның көмекшілері де кетеді. Ал жаңа бас бапкердің есімі жуырда айтылады. 

Украиналық маман "Шахтер" командасын 2020 жылдың қыркүйегінде жаттықтыра бастады. Оның бастамасымен ұжым өткен жылы Беларусь біріншілігінің чемпионы атанды. 

Еске салайық, 2018 және 2020 жылдар аралығында Роман Григорчук "Астана" командасының бас бапкері болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар