Қазақстандық клубтар "Уфаның" менеджеріне шақырту ұсынған

Сурет "Уфа" клубының сайтынан алынды.
Мәскеулік "Спартак" клубының жаңа бас директоры Шамиль Газизовтың Қазақстаннан ұсынысы болыпты. Бұл туралы таныман комментатор әрі инсайдер Нобель Арустамян айтты. 

Оның мәліметі бойынша, Газизовқа басқа бірнеше ресейлік клубтар ұсыныс жасаған. Арустамян ресейлік маманға ұсыныс жасаған қазақстандық командаларды нақтыламады. 

2012 жылдан бері Газизов "Уфа" командасында жұмыс істеп, үшінші дивизионнан Ресейдік премьер лигасына, содан соң Еуропа лигасына жолдама алды. Оның бастамасымен клуб трансферлік нарықта да жақсы жұмыс істеді. "Чемпионат" мәліметі бойынша, "Уфа" сатқан жеті футболшы командаға 19,8 миллион алып келген. Ол ойыншыларға бар болғаны 669 мың жұмсаған. 

Газизовтың кезінде "Уфа" командасы қазақстандық футболшыны сатып алып еді. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылы бұл команда "Тараздың" футболшысы Еркебұлан Сейдіахметті алып, 2019 жылы "Қайратқа" 300 мыңға сатты. 

Мәскеулік клуб сапында Газизов Томас Цорнның орнын басады. 





Метки:
Жаңалықтар