Қазақстандық хавбек ЦСКА-мен келісімшарт үшін "Ростовтан" кетті

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет "Ростов" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "Ростовтан" кетіп қалды,-деп хабарлайды "РБ-Спорт". 

Инсайдер Сергей Егоровтың мәліметі бойынша, 22 жастағы Зайнутдиновтің ЦСКА сапына ауысу туралы мәселесі шешіліп қойылған. Футболшы Мәскеуге ұшып кеткен. Жақын арада медициналық тексерістен өтеді. 

Екі команда арасында келіссөздер болмаған. ЦСКА Зайнутдиновтің "Ростовпен" жасаған келісімшартында көрсетілген ақшаны беріп, бірден сатып алады. Егер футболшы медициналық тексерістен сәтті өтсе, бірден келісімшарт жазады. 

Айта кетейік, отандасымыз "Ростов" сапында 2019 жылдың басынан бері ойнап келеді. Биыл ол Ресей біріншілігінде 4 кездесуге қатысты. Ал өткен маусымда 17 ойында ойнап, төрт гол соғып, екі голдық пас берген. 








Метки:
Жаңалықтар