Қазақстандық футболшы Ресейлік команданың ең мықты бомбардирі қатарында

Сурет "Ростовтың" ресми сайтынан

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов "Ростовтың" Ресей біріншілігінде ең көп гол соққан үздік бес сұрмергендерінің қатарына қосылды. 

Қазақстандық футболшы 17 кездесу өткізіп, төрт гол соққан. Тарқатып айтсақ, қыркүйек айында ол "Динамо" (3:0) қақпасына бір гол соқса, желтоқсан "Спартакпен" (4:1) өткен ойында екі, ал шілде айында "Зенитке" (1:3) бір доп ұрды. 



"Ростовтың" үздік шабуылшысы 25 ойында 11 гол соққан өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов атанды. Екінші орында 19 ойынға алты гол салған Алексей Ионов тұрса, үшінші орында финн жартылай Қорғаушысы Роман Еременко түйіндеп тұр. Ол 19   кездесуде бес рет көзге түскен. Төртінші сатыға  26  ойында төрт гол соққан Хорен Байраян жайғасқан. 

Айта кетейік, өткен маусымды "Ростов" командасы бесінші орында аяқтап, Еуропа лигасына жолдама алды. Зайнутдиновтің еншісінде төрт голдан бөлек, екі нәтижелі пас бар. Футболдан Ресейдің жаңа маусымы тамызда басталады. 





 

Метки:
Жаңалықтар