Қазақстандық футбол командасының ойыншылары жаппай ауырып қалды

Сурет "Жетісу" клубының сайтынан алынды.
Талдықорғандық "Жетісу" клубының жарты құрамы ауырып қалды, Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет телеграмм каналында жазды. 

Оның мәліметі бойынша, бірнеше футболшылар емханаға жатып шығыпты. Футболшылардың коронавирус жұқтырғаны не жұқтырмағаны туралы нақты ақпарат жоқ. 

"Жігіттер ауырып, температурамен жатыр. Оларда коронавирус жоқ болмаса белгісіз. Кейбіреулерінде симптом бар", - деп жазды Қожахмет. 

Айта кетейік, 3 шілде күні Қазақстан біріншілігі қайта тоқтап қалды. Оған 5 шілде күні коронавирусқа байланысты Қазақстанда енгізілген карантин себеп болды. 

1 шілде күні "Жетісу" Алматы қаласында "Қайратпен" кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл талдықорғандық команданың бірінші жеңілісі еді. Оған дейін бұл команда "Каспий" (2:0) ұжымын жеңіп, "Тобылмен" (0:0) тең ойнады. 






Метки:
Жаңалықтар