Қазақстандық бапкер мәскеулік ЦСКА тізгінін ұстауы мүмкін

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Қостанайдық "Тобыл" командасының 41 жастағы бұрынғы бас бапкері Григорий Бабаян мәскеулік ЦСКА командасының тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл туралы "РБ Спорт" порталы хабарлап отыр. 

Басылымның жазуы бойынша, Бабаян ЦСКА командасының бапкері Ивича Оличтің қызметінен кетуіне себепкер болған. Команда басшылары қазақстандық маманды Оличтің көмекшісі ретінде тағайындағысы келген. Бірақ хорватиялық маман бұған келіспеген. 

Айта кетейік, Григорий Бабаян бірер күн бұрын "Тобыл" командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Кейбір сыбыстар бойынша ол "Нижний Новогород" командасының бас бапкері болған Станимир Стойловтың көмекшісі болуы керек еді. 

Бабаян бұған дейін ЦСКА командасын Виктор Гончаренко басқарып жатқанда, мәскеулік клуб сапына барып, тәжірибе жинады. 

Ал Олич болса 2021 жылдың 23 наурызында ЦСКА-ның бас бапкері болған еді. Хорватиялық маман бұл қызметте екі жарым ай ғана болады.

 

 

Метки:
Жаңалықтар