Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы бірінші ойыны Алматыда өтеді

Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының 2020/21 жылғы Ұлттар лигасындағы Беларус құрамасына қарсы кездесу Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов айтып берді. 

"Беларусь құрамасына қарсы кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Біз мұны келісіп, құжаттарды УЕФА-ға және Беларусь құрамасына жібердік. 

Нұр-Сұлтан қаласындаңы "Асатана-Арена" стадионының көгалын ауыстырып үлгере алмайды. Ойынның өтетін жерін қарастырғанда біз бұл факторге де назаур аудардық. Өз алаңымыздағы бірінші кездесу Алматыда өтеді. Ал қазан және қараша айларындағы кездесулерге байланысты әлі белгісіз. 

Жанкүйерлер туралы айтатын болсақ, УЕФА тек 1000 жанкүйер кіргізуге рұқсат беріп отыр. Оның өзінде елдегі жағдайға байланысты болады. Егер елдегі жағдай қиын болса, 1000 жанкүйерді де кіргізбеуі мүмкін", - деді Нұрдәулетов. 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасындағы матчтарының күнтізбесі барлығына белгілі. Михал Билектің командасы С тобында ойнайды, топтағы қарсыластар Албания, Беларусия және Литва болды. Қазақстан үшін турнир 5 қыркүйекте Литваға қарсы матчпен басталып, 18 қарашада дәл сол қарсыласқа қарсы матчпен аяқталатын болады.


 

Метки:
Жаңалықтар