Қазақстан құрамасының шабуылшысы жаңа клубқа ауысты

Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Муртазаевтың карьерасын қайда жалғастыратыны белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

27-жастағы шабуылшы келесі маусымда "Астанада" өткізетін шығар. Жуық арада ол Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан елордалық команда сапына қосылу керек. 

Шабуылшы бұған дейін "Астана" намысын қорғаған. Тарқатып айтсақ, 2017 және 2019 жылдары бұл командада өнер көрсетті. 

Содан соң Муртазаев "Тобыл" сапына ауысып, өткен маусымда ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Қостанайлық команда сапында 17 кездесуге қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, Муртазаевқа Ресей және Венгрия біріншілігінде өнер көрсететін командалар мен "Ақтөбе" және "Шахтер" ұсыныс жасаған болатын. 

Метки:
Жаңалықтар