Қазақстан құрамасының футболшысы "Астанадан" кетті

Сергей Малый. Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый елордалық "Астана" клубы сапынан кетті. Бұл туралы клубтың сайты хабарлап отыр. 

Малый "Астана" қатарында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін ол елордалық клуб сапында 43 кездесуге қатысып, үш гол соққан. Ал Қазақстан құрамасында қорғаушы 41 ойын өткізген. 

Қорғаушы "Астана" клубымен келісімшарты аяқталғанына байланысты командадан кетіп отыр. 

Бұған дейін Малыйға қостанайлық "Тобылдың" көз тігіп отырғаны айтылған еді. Кейбір мәлімет бойынша, ол қазір Қостанайда екен. Жақын арада келісімшарт жазуы мүмкін. 

30 жастағы қорғаушы карьерасын негіщі Украинада бастаған. 2013 жылы "Шахтер" сапына қосылды. Қарағандылық клубпен ол Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жетті. Содан кейін "Ордабасы" және "Ертіс" командаларының намысын қорғаған. 




Жаңалықтар