Қазақстан футболдан Ресейдің суперкубогін өткізу үшін қыруар ақша төлеуге дайын болыпты

Сурет "Астана" клубының сайтынан алынды.
Ресейлік комментатор әрі инсейдер Нобель Арустамян Қазақстан тарапы футболдан Ресей Суперкубогін өткізуді қалағанын айтты. Ойын шамамен Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" стадионында өту керек болған. 

"Менің білуімше, коронавирус індетіне дейін Ресей Суперкубогін өткізуге Қазақстан басты үміткер болды. Иә, ол жақта жасанды алаң. Бірақ олар матчқа өткізгісі келді. Көп ақша толеуге де дайын болды. Ол жақта футболшыларды да жарнамалауға болады. Сутормин және Заболотный секілді ойыншыларға Қазақстанда жақсы командаларға қосуға болатын еді", - деді Арустамян "Коммет.Шоу" бағдарламасында. 



Айта кетейік, Ресей біріншілігінің 2019/20 маусымында "Зенит" чемпион болды. Кубок жеңімпазы 25 шілдке күні анықталады. "Зенит" - "Спартак", "Урал" - "Химки" командалары финалдық жолдамасына таласады. 

Еске салайық, "Астана Арена" стаионы әлі де болса ресми кездесулерді қабылдауға дайын емес. Стадионның көгалы ауыстырылып жатыр. Осыған байланысты "Астана" биылғы маусымдағы ойындарын Алматыдағы "Жас-Қыран" стадионында өткізді. 




.

Метки:
Жаңалықтар