Қаза болған бапкердің командасын қазақстандық маман жаттықтырады

"Академия Оңтүстік" командасының жаңа бас бапкері болып 43 жастағы қазақстандық маман Қуаныш Қарақұлов тағайындалды. 

Қарақұлов - Шымкент футбол мектебінің түлегі. Футболшы ретінде шымкенттік "Жігер", "Ордабасы",  алматылық ЦСКА-"Қайрат", "Атырау", "Оқжетпес", "Қайсар" "және "Гефест" секілді командаларың намысын қорғаған. Жалпы ол Қазақстан чемпионатында 372 кездесуге қатысып, 34 гол соққан. 

2014 жылдың басында Қарақұлов "Ордабасының" бапкерлер құрамында болды. 2016 жылы "Махтаарал" командасының бапкерлер қосынына кіріп, сол жылдың соңында команданың бас бапкері атанды. Бұл командамен ол 2018 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеді. Өткен маусымда ол "Академия Оңтүстік М" командасының тізгінін ұстады. 

Айта кетейік, 9 тамыз күні "Академия Оңтүстік" командасының бас бапкері Левон Касанбоглянның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның жүрегі тоқтап қалыпты. 

"Академия Оңтүстікте" ойнайтын бірінші лига 4 сәуір басталуы керек еді. Бірақ коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілді.



Метки:
Жаңалықтар