"Қайсар" сапында Беларусь құрамасының қорғаушысы қаралымнан өтуде

Сурет "Қайсар" сайтынан алынды.
26 жастағы Беларусь құрамасының қорғаушысы Сергей Карпович бүгінде "Қайсардың" Түркиядағы жиынында жаттығып жүр.

"Динамо Минск" клубының түлегі мансабында бірнеше беларуссиялық командада доп тепкен. Атап айтсақ, "Береза 2010", "Нафтан", "Минск", "Городея", "Торпеда Белаз" және "Ислочь". Өткен маусымда "Ислочь" сапында 27 ойынға қатысып, 1 гол соққан.

Сондай-ақ 2020 жылдан бастап Беларусь құрамасына шақырту алып жүр. Айта кетейік, Сергей "Қайсар" мен "Десна" кездесуінде алаңға шығып, команданың жеңісіне өз үлесін қосты.
Метки:
Жаңалықтар