"Қайраттың" үш ойыншысы Қазақстан кубогінің матчына қатыса алмайды

Сергей Кейлер. Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Алматылық "Қайраттың" үш бірдей ойыншысы Қазақстан Кубогі топтық кезеңі аясында өтетін түркістандық "Тұранға" қарсы ойынға қатыса алмайды, деп жазады KazFootball.kz.

Қақпашы Данил Устименко Қазақстан Кубогінің 2-турында өткен ақтаулық "Каспийге" қарсы ойында қызыл қағаз алды, ал қорғаушы Сергей Кейлер мен Арсен Буранчиев қос бірдей сары қағаз алған. Осылайша, бұл футболшылар "Тұранға" қарсы ойынға қатыса алмайды. 

"Қайрат" пен "Тұран" арасындағы матч 24 шілде күні өтеді.

Метки: