"Қайраттың" шабуылшысы карьерасын Түркия немесе Ресей біріншілігінде жалғастыруы мүмкін

Абат Айымбетов. Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов "Қайрат" командасынан кететін шығар. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Instagram парақшасында жазды. 

Өткен маусымда Қазақстан біріншілігінде алматылық ұжымның ең үздік сұрмергені атанған шабуылшы клубтан әлі ұсыныс алмапты. Дереккөздің ақпараты бойынша, ол биыл "Қайрат" сапынан кетеді екен. Шабуылшының агенті қазір жаңа клуб іздестіріп жатыр. Айымбетовтың өзі Түркия немесе Ресей біріншілігінде өнер көрсетуге ниетті екен. 

Айта кетейік, өткен маусымда "Қайрат" араға 16 жыл салып Қазақстан чемпионы атанды. Ал 25 жастағы Айымбетов 20 матчта 10 гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ол "Қайрат" сапына 2020 жылдың басында "Ақтөбе" сапынан ауысып келді. 



Метки:
Жаңалықтар