"Қайраттың" бұрынғы бас бапкері словакиялық клубтың тізгінін ұстады

Сурет "Слован" сайтынан алынды.

Словакиялық бапкер Владимир Вайсс братиславалық "Слован" командасының тізгінін ұстады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Вайсс жаңа командасымен алғашқы жаттығуын да өткізді. Келісімшарт қандай жағдайда жасалғаны туралы толық ақпаратты клуб өкілдері жұма күні өтетін баспасөз жиынында айтады. 

Айта кетейік, Вайсс Словакия тарихында құрамасын әлем чемпионатына алып шыққан бірінші маман. Оның соңғы клубы "Қайрат" болған еді. Алматылық команданы ол 2013-2015 жылдар аралығында жаттықтырды. Бұл командамен ол екі рет Қазақстан кубогін жеңіп, ел біріншілігінде күміс және қола жүлде жеңді. 

Жалпы 56 жастағы маманның соңғы жұмыс орны Грузия құрамасы болды. Құраманы Вайсс 2016-2020 жылдар аралығында жаттықтырды. 

 

 

 

 

Метки:
Жаңалықтар