"Қайратқа" керек болмай қалған қорғаушы Ресейде тағы команда ауыстырды

ЦСКА командасының қорғаушысы Седрик Гогуа келесі маусымды волгоградтық "Ротор" сапында өткізеді,- деп хабарлайды мәскеулік клубтың ресми сайты. 

"Ротор" футболшыны жалға алған. Маусым аяқталған соң сатып алуға да құқығы жоқ.

Гогуа ЦСКА сапына 2019 жылы қосылып, төрт кездесуге қатысып, бір гол соққан. Мәскеулік команда қорғаушыны өткен маусым барысында "Тамбовтан" сатып алған еді.

"Ротор" өткен маусымда Ресейдің екінші лигасында топ жарып, биыл Ресей чемпионатында ойнауға мүмкіндік алды.

Еске салайық, Гогуа 2017 жылдың шілдесі мен 2018 жылдың наурыз аралығында "Қайрат" және "Қайрат-Жастар командасында ойнады. Алматылық команданың негізгі құрамында "Астанаға" қарсы өткен Қазақстан суперкубогі матчына қатысып, кейін команда тізімінен шығып қалды.

"Қайраттан" кейін ол ресейлік "СКА-Хабаровск" командасына ауысты. Бірақ қорғаушы бұл команда сапында бірде-бір кездесуге қатыспады.

Метки:
Жаңалықтар