"Қайрат" Вагнер Лавтың дубльінің арқасында "Ордабасыны" жеңді

Вагнер Лав. Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Алматылық "Қайрат" Қазақстан біріншілігінің жетінші турында "Ордабасы" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ойын бүгін, 30 тамыз күні Алматыдағы Талғар оқу-жаттығу базасында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды. 

Ойындағы барлық гол бірінші тайма соғылды. "Қайрат" сапында бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав дубльдің авторы атанды. Ол 17-ші және 22-минутта көзге түсті. Ал 34-минутта шымкеттік команданың бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло бір гол соқса, 40-минутта Абат Айымбетов үшінші голды соқты. Бұл шабуылшының төртінші голы еді. Қазір Айымбетов сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді. 

Екінші таймда екі команда да гол соға алмады. Бірақ матчтың 54-минутында "Қайраттың" 20 жастағы қақпашысы Данил Устименко жарақат алып, оның орнына Стас Покатилов алаңға шықты. 

Кездесудің 66-шы және 79-минутында екі ағалы інілі футболшылар алаңға шықты. Ағайындыларддың кішісі Эльхан Астаханов "Ордабасы" сапында алаға шықса, Сұлтанбек Астанов "Қайрат" сапында шықты. 

Бұл ойыннан кейін "Қайрат" 18 ұпай жинады. Қазір жеке-дара көш бастап келеді. Екінші орында алты ойында 13 ұпай жинаған "Қайсар" келе жатыр. 10 ұпай жинаған "Астана", "Тобыл", "Ордабасы" және "Шахтер" командалары үшінші орында өзара бөлісіп тұр. Елордалық клуб бес ойын өткізсе, қарағандылық және қостанайлық команда алты, ал шымкенттік команда жеті ойын өткізді. 












Метки:
Жаңалықтар