"Қайрат" сырт алаңда "Қызыл-Жармен" тең түсті

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Алматылық "Қайрат" командасы футболдан Қазақстан біріншілігінің оныншы турында сырта алаңда "Қызыл-Жар" командасымен кездесіп, тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Петропавл қаласында өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. 

Бірінші болып бұл кездесуде Алексей Шпилевский шәкірттері есеп ашты. 28-минутта "Қайрат" бұрыштама добын сәтті ойнатып, Денис Поляков гол соқты. 

"Қызыл-Жар" болса есепті екінші таймда теңестірді. 78-минутта бұрыштан асырылған допқа алаң қожайындарының қорғаушысы Әлібек Қасым бірінші жетіп, гол соқты. Айта кетейік, Қасым осымен төртінші ойында қатарынан гол соғып келеді. 

Бұл кездесуден кейін "Қайрат" командасы 16 ұпай жинап, төртінші орынға көтерілді. Ал "Қызыл-Жар" болса 14 ұпайға ие. Турнир кестесінде бесінші орында. Көш басында 23 ұпай жинаған елордалық "Астана" командасы келе жатыр. 

Метки: