"Қайрат" сапынан кеткен Исламбек Қуат Ресей премьер-лигасында ойнауы мүмкін

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат таяуда ресейлік "Оренбург" клубының ойыншысы ретінде ресми түрде атануы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі тарап арасындағы келісімшарт аяқталуға жақын. "Оренбург" қазақстандық футболшыны алаң ортасындағы айтарлықтай күш ретінде қарастырып отыр. РПЛ-де 19 турдан кейін клуб 12-орында тұр, сондай-ақ, тағы бір ойыны бар.

Айта кетейік, ҚПЛ-2019 маусымы аяқталғаннан кейін Исламбек Қуат Бауыржан Исламханмен бірге "Қайрат" сапынан кетті. Кейінірек, алматылық клуб екі футболшыға да спорттық мансабын қазақстандық премьер-лигада жалғастырмау туралы шарт қойғаны айтылды.

"Қайрат" сапында Қуат 2014 жылдан бері ойнап келеді. Алматылық клуб құрамында ол бес рет ел чемпионатының күміс жүлдегері, үш рет Кубокты алды және бір рет Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. "Қайратқа" дейін елордалық футбол мектебінің түлегі "Астана", "Оқжетпес" және "Ақтөбе" клубтарында ойнаған.
Жаңалықтар