"Қайрат-Мәскеу" командасы бірінші ойынында қарсыласын ойсырата жеңді

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

"Қайрат-Мәскеу" командасы бірінші ресми кездесуінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ресей кубогі 1/256 финалында "Қайрат-Мәскеу" командасы сырт алаңда Обнинск қаласының "Квант" командасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Барлық гол екінші таймда (73, 79 және 86-минуттар) соғылды. Жеңімпаз команданың сапында бір голды Вячеслав Швырев соқты. 

Негізі "Қайрат-Мәскеу" командасы 14-минутта гол соққан еді. Бірақ ол гол есепке алынбады. 

Айта кетейік, Ресейдің кәсіпқой футбол лигасында (ПФЛ) "Қайрат-Мәскеу" командасы 18 шілдеде "Ленинградцем" командасына қарсы өткізеді. 

"Қайрат-Мәскеу" командасының көп футболшылары "Қайрат-Жастар" командасынан құралған. Маусым алдында команда сапына ЦСКА-ның үш ойыншысы қосылды. Команда Мәскеу облысындағы Красногорск қаласында дайындалады. Ал ойындарын "Зоркий" стадионында өткізеді. 

Метки: