"Қайрат" Канте соққан голдың арқасында "Қайсардан" басым түсті

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан біріншілігінің 14-турында "Қайсарды" жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Алматыда өткен кездесу 1:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 33 минутта Хосе Канте соқты. 

Осылайша, "Қайрат" командаға Құрбан Бердыев келгелі бірінші жеңісіне қол жеткізді. 

Бұл жеңістен кейін алматылық команда 24 ұпай жинап, турнир кестесінің үшінші сатысына орналасты. Ал "Қайсар" болса 14-орында. Қызылордалық команда соңғы он ойында жеңіске жете алмай келеді.

Енді 13 маусымда өтетін келесі турда "Қайсар" өз алаңында "Тұранды" қабылдаса, "Қайрат" сырт алаңда "Таразбен" кездеседі. 

 

 

Метки:
Жаңалықтар