"Каспий" төрт ойыншымен келісім-шартты ұзартты

Сурет "Каспий" сайтынан алынды.

"Каспий" футбол клубы Нұрлыбек Аязбаев, Алмас Арменов, Бекзат Қабылан және Олжас Мұқановпен келісімшартты ұзартты.

30 жастағы қақпашы Нұрлыбек Аязбаев өткен маусымда "Каспий" жейдесінде тек бір матчқа қатысты. Ақтау футбол мектебінің түлегі 2018 және 2019 жылдары "Жетісу" командасында өнер көрсеткен.

29 жастағы шабуылшы Алмас Арменов өткен жылы ақтаулық клуб сапында 10 матч өткізіп, нәтижелі әрекетпен көзге түспеді.

25 жастағы жартылай қорғаушы Бекзат Қабылан өткен маусымда 8 матчта бой көрсетіп, 1 голды өз еншісіне жазды.

23 жастағы қақпашы Олжас Мұқанов Премьер-лигада бірде-бір матчқа қатыспаған. Қазақстан (U19) жастар құрамасында өнер көрсеткен.

Метки: