"Каспий" "Тараздан" басым түсті

Сурет: ҚКФЛ
Ақтаулық "Каспий" Қазақстан біріншілігінің 20-турында "Таразды" жеңді. Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өткен ойын 1:0 есебімен ақтаулық команданың пайдасына аяқталды.

Жалғыз, әрі жеңісті голды 45-минутта Арман Нүсіп қапталдан асырылған пасты баспен қақпаға бағыттау арқылы соқты.

Үш ұпайға ие болған "Каспий" 17 ұпаймен оныншы орында тұр және соңғы орындағы "Оқжетпестен" алты ұпайға озып кетті. Ал "Тараз" 20 ұпаймен сегізінші орында қала берді.
Метки:
Жаңалықтар