Испаниялық команданың үш футболшысы коронавирус жұқтырып алды

Сурет: La Liga©
Испаниялық "Алавес" командасының үш футболшысы коронавирус жұқтырып алыпты,- деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Тесттер сақтық шараларын толық сақтап алынған. Сондықтан команданың басқа ойыншыларына вирус жұқпаған. Вирус симптомсыз болған. Қазір үш футболшы да үйінде оқшауланып жатыр. 

Айта кетейік, "Алавес" сапында елордалық "Астана" клубының бұрынғы шабуылшысы Патрик Твумаси өнер көрсетеді. Ол испаниялық клуб сапына 2018 жылы ауысты. Қазақстандық командасы сапында шабуылшы 171 кездесу өткізіп, 69 гол соғып, 27 нәтижелі пас берген. Твумаси "Астана" тарихындағы ең үздік бомбардир. Елордалық клубпен ол төрт рет Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогі мен Қазақстан суперкубогін жеңіп алған. 

Биылғы маусымды 26 жастағы футболшы түркиялық "Газиантеп" сапында жалда өткізді. Ал жаңа маусымды ол "Денизлиспорт" қатарында бастауы әбден мүмкін. 


Метки:
Жаңалықтар