Исламханның "Әл-Айн" сапында қанша жалақы алатыны белгілі болды

Бауыржан Исламхан. Сурет: ФК "Әл-Айн"
Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның "Әл-Айн" клубымен қанша уақытқа келісімшарт жасағаны анықталды,- деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Жартылай қорғаушы БАӘ-не бір апта бұрын барды. Ол келе салысымен коронавирусқа тест тапсырып, карантинде жатты. Тесттің қорытындысы бойынша, Исламханнан вирус шыққан жоқ. 

Қазіргу уақытта клуб пен футболшының агенті келіссөз жүргізіп жатыр. Исламхан "Әл-Айн" клубымен үш жылға келісімшарт жасауы мүмкін. Оның жылдық жалақысы 1,5 миллион доллар болады. 




Метки:
Жаңалықтар