Исламхан карьерасын аяқтағаннан кейінгі жоспарымен бөлісті

Бауыржан Исламхан. Сурет "Аль-Айн" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан карьерасын аяқтағаннан кейін бапкер болуы мүмкін. Бұл туралы жартылай қорғаушы Алуа Хасеноваға берген сұқбатында айтты. 

- Футболшының карьерасы соншалықты ұзақ емес. Содан соң не істейсіз? Жоспарыңыз қандай?

- Қазірге бұл туралы мүлде ойланған жоқпын. Шынымен. Менің қазіргі басты мақсатым - жақсы ойнап, командаға көмектесу. Футболдан кейін не боларын көреміз. Бірақ, мен бапкер болғым келеді. 

- Бапкер боласыз ба? 

- Иә. Менің үлкен арманым бар. Алайда, ол туралы қазір айта алмаймын. Қазір тек ойнағым келеді. Футболдан ләззат алғым келеді. 

Еске салайық, 1 шілде күні Исламхан еркін агент атанды. Оның "Аль-Айнн" клубымен келісімшарт аяқталды. 







Метки:
Жаңалықтар