Грузия құрамасының шабуылшысы "Астана" сапына ауысуы мүмкін

Сурет Грузия футбол федерациясының сайтынан алынды.
Футболдан Грузия құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе "Астана" сапына ауысуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Ол елордалық команда сапында Пиерос Сотириудің орнын басады. 

Қазіргі уақытта футболшы мен команда арасында келіссөз жүріп жатыр. Шабуылшы клубпен бір жылдық келісімшарт жасауы мүмкін. Лобжанидзеге "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихоновтің өзі қызығушылық білдіріп отыр. 

Айта кетейік, шабуылшы өткен маусымда "Қайсар" сапында 13 кездесуге қатысып, 7 гол соқты. Transfermarkt ақпараты бойынша, бұл футболшының трансфер нарығындағы құны 600 мың еуро екен. 

Еске салайық, биылғы маусымда "Астана" командасынан бірнеше футболшылар кеткен болатын. Тарқатып айтсақ, клубтан шабуылшы Алексей Щеткин мен қорғаушылар Юрий Логвиненко мен Дмитрий Шомко бар. Енді алдағы уақытта Пиерос Сотириу да кетуі ықтимал. 


Метки:
Жаңалықтар