"Ешкім тоқтата алмайды". "Ордабасы" президенті ойын нәтижесіне әсер ететін адамдар барын айтты

Бақтияр Байсейітов. Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.
Қазақстандық футболда ойын нәтижесіне әсер ете алатын тұлғалар бар. Бұл туралы "Ордабасы" командасының президенті Бақтияр Бейсейітов YouТube желісіндегі "Смаковтың Баласы" арнасына берген сұқбатында айтты. 

- Бізге ойынның нәтижесіне әсер ететін адамдар бар ма?

- Иә, ондай адамдар әлі де бар. 

- Келісілген ойындар, сатылатын төрешілер бар ма?

- Көп емес, бірақ бар. Бұдан ешкім құтылмаған, құтыла  да алмайды. 

- Келісілген матчтарды қалай ұйымдастырады?

- Бұл жерде кейбір жеке тұлғалар немесе бір ұйым жұмыс істейді.

- Бұдан қалай құтылуға болады? 

- Бұл ағысқа қарсы жүзгенмен тең ғой. Барлық адамды ұстап, түрмеге жабады. Ары қарай не болады? Барлық тотализаторларды алып тастайық. Бірақ оны ешкім істемейді ғой. 

- Өміріңізде бәс тігіп көрдіңізбе? Мысалы, өз командаңызға немесе командаңызға қарсы. 

- Ешқашан бәс тіккен емеспін. 

- Осыдан үшін жыл бұрын әлеуметтік желіде сіздің "Ақтөбе" басшыларының бірімен телефон арқылы сөйлескен даулы әңгімеңіз шықты. Осы туралы айта аласыз ба?

- Қазір техинка дамыған заман. Ал менің дауысым танымал. Оның қолдан жасауға болады. Бұл әңгімені де қолдан жасаған. Фамилиясын атағым келмейді. Бірақ кейін бұл адам "Ақтөбе" сосын "Ертісті" ал қазір Смаковқа қарсы осындай әрекет жасап жатыр. Кейін бұл өтірік дүние екені анықталды. 



Еске салайық, 68 жастағы Байсейітов шымкенттік команданың президенті болып 2017 жылы тағайындалды. Ал 2016 жылы "Ордабасы" командасы бұл маманның бапкерлік бастамасымен төртінші орын алды. Оған дейін Байсейітов "Қайрат" пен "Атырау" секілді командаларды және Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған. 







Метки:
Жаңалықтар