"Ертістің" 168 миллион тұратын стадионы ешкімге керек болмай қалды ма?

Сурет: pavlodarnews.kz©

Павлодарда "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында орталық стадионның құрылысы аяқталып жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Бұл жобаның құны - 168 миллион теңге болды. Бір ғана алаң жиегінде жеңіл атлеттерге арналған жолақтың өзі 138 миллион теңге болған. Ал алаңның жасанды көгалы осыдан алты жыл бұрын ауыстырылыпты. 

Облыстың туризм мен спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашевтың айтуынша, қаланың орталық стадионындағы көгал дайын екен. 

"Алаң тапсырылды. Қазақстан футбол федерациясынан сертификат аламыз. Жеңіл атлеттерге арналған жолақтың бірінші қабатын төсеу аяқталды. Қазір екінші қабатты төсеп жатырмыз. Тек павлодарлық құрылыс материалдарын пайдаланып істелген жеңіл атлеттер жолағы тамыздың ортасына дейін дайын болады", - деді Айдашев. 

Айта кетейік, дәл осы стадионда "Ертіс" командасы Қазақстан премьер-лигасындағы ойындарын өткізіп жүрген. Бірақ бұл клуб биыл қаржылық қиындықтарға байланысты ел біріншілігінен шығып қалды. 





 

Метки: