Еркебұлан Сейдахмет "Қайратқа" керек болмай қалды

20 жасар тараздық шабуылшы алматылық “Қайраттан” кетуге жақын,- деп хабарлайды Айдын Қожахмет телеграм-каналында.

Қазақ футболының жарқын болашағы саналып, “қазақстандық Месси” деген атақ алған Еркебұлан Сейдахмет “Қайратқа” керек болмай қалды.

Еркебұлан алматылық клуб сапында өзін таныта алмады. 2022 жылға дейін жарамды келісімшартының бар екеніне қарамастан, Сейдахмет келер маусымда “Қайрат” қатарында өнер көрсетпейді. Клуб басшылығы ойыншыға ұсыныс түссе, сатуға дайын.

Еркебұлан Қазақстан премьер-лигасында 32 ойынға қатысып, екі мәрте қақпа торын тулатса, төрт рет нәтижелі пас берген.
Метки:
Жаңалықтар