Екі миллион еуро тұратын шабуылшы "Астанадан" кетіп қалуы мүмкін

Сурет "Астана" клубының сайтынан алынды.
"Астана" клубының шабуылшысы Пиерос Сотириу егер ел біріншілігі тағы да кейінге шегерілетін болса, елордалық командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы 24sports басылымына сілтеме жасап. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, 27 жастағы Кипр құрамасының шабуылшысы басқа клубқа жалға кетуі мүмкін. Шабуылшыны кипрлік "Омония" клубы бір жылға "Астанадан" жалға алып, жалақысының жартысын төлеуге дайын екен. 

Негізі футболдан Қазақстан премьер-лигасы 3 тамыз басталуы керек. Бірақ мұның өзі нақты емес. Биылғы маусымда Сотириу үш кездесуге қатысып, екі гол соқты. 

Сотириу "Астана" сапына 20 ақпан күні қосылды. Елордалық клуб шабуылшымен үш жылдық келісімшарт жасаған. Transfermarkt ақпараты бойынша, "Астана" шабуылшыны екі миллион еуроға сатып алыпты. 






Метки:
Жаңалықтар