Бауыржан Исламханның командасы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмай қалды

Бауыржан Исламхан. Сурет "Аль-Айн" командасының сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан өнер көрсететін "Аль-Айн" командасы Азия Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші турында ирандық "Сепахан" командасымен тең түсті,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасының капитаны Исламхан бұл ойында басынан аяғына дейін түгел ойнады. Бірақ, кездесу барысында екі команда да гол соға алмай, матч 0:0 есебімен аяқталды. 



Осылайша "Аль-Айн" командасы екінші ұпайын алып, өз тобында төртінші орында келеді. "Сепахан" болса төрт ұпай жинап, үшінші орында тұр. Екі команда да плей-офф кезеңіне шыға алмады. 

Бұл топтан турнирдің 1/8 финалына Сауд Арабиясының атынан сынға түсіп жатқан "Аль-Наср Рияд" және Хави жаттықтыратын катарлық "Аль-Садд" командалары шықты. 

24 қыркүйек күні топтық кезеңнің соңғы турында "Аль-Наср Рияд" "Аль-Айн" командасына қарсы ойнаса, "Сепахан" ұжымы "Аль-Саддпен" кездеседі. 





Метки:
Жаңалықтар