БАӘ командасы допинг дауына іліккен Бауыржан Исламханмен келісімшартты бұзды

Сурет: "Аль-Айн"©

"Аль-Айн" командасы футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханмен келісімшартты бұзды,- деп хабарлайды UAE Sport News. 

Келісімшартты бұзудың басты себебі - допинг болып тұр. Исламхан Азия Чемпиондар лигасында "Аль-Садд" - "Аль-Айн" командалары арасындағы ойыннан кейін допинг сынақ тапсырып, соның қорытындысы бойынша футболшыдан рұқсат етілмеген дәрумен анықталды. 

Бұл ойында Бауыржан 68-минут ойнады. Ал кейін жартылай қорғаушы футболдан шеттетілді. 

Бұған дейін Бауыржан Исламхан Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожинмен төлефон арқылы сөйлесіпті. Әңгіме барысында ол клуб дәрігерінің айтқанын толық орындағанын және тағы сынақ тапсыруға дайын екенін айтқан. 

Исламхан жалпы "Аль-Айн" командасы сапында қаңтар айынан бері ойнап келеді. Ол жазда бұл командамен 2023 жылға дейін келісімшарт жасады. 



 

Метки:
Жаңалықтар