Айымбетов тағы да дубль жасады. "Астана" сырт алаңда "Ордабасыны" жеңді

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.

Қазақстан Премьер-лигасы 5-турының екінші күні аясында шымкенттік «Ордабасы» елордалық «Астананы» өз алаңында қабылдап, 1:4 есебімен есе жіберді.

Кездесудің 19 минутында Абат Айымбетов есеп ашса, араға 3 минут салып 22 минутта Еркебұлан Тұңғышбаев Айымбетовке жауап қатты. Алғашқы тайм осылай 1:1 есебімен аяқталды.

Екінші таймда елордалықтардың бірнеше шабуылы сәтті аяқталып, 53 минутта Тигран Барсегян пенальтиден көзге түссе, 59 минутта Абат Айымбетов ойындағы екінші голын соқты. 78 минутта Марин Томасов елордалықтардың төртінші добын Владимир Плотников қорғаған қақпаға тоғытты.

Осылайша 5-турдың орталық матчында елордалықтар сенімді жеңіске жетіп, live-турнир кестесінде 11 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. «Ордабасы» жеті ұпаймен жеті сатыда келеді.

ҚПЛ. 5-тур

«Ордабасы» (Шымкент) – «Астана» (Нұр-Сұлтан) – 1:4 (1:1)

Голдар: Тұңғышбаев (22) – Айымбетов (19, 60), Барсегян (53), Томасов (78)

"Ордабасы": Плотников (Қ), Симчевич, Фонтанелло, Пауло Жоао, Бриджидо (Сұлтанниязов, 86), Ерланов, Клещенко (Қайыров, 68), Астанов, Досмағамбетов, Тұңғышбаев, Шәмші (Механович, 68).

"Астана": Непогодов (Қ), Рукавина, Томасов (Мұртазаев, 83), Томашевич (Гурман, 85), Шимунович (Скворцов, 89), Кадете, Барсегян, Бейсебеков, Чуперка (Сағынаев, 83), Қуат, Айымбетов (Смайлагич, 83).

Метки:
Жаңалықтар