"Астананың" бұрынғы лидері командасыз қалды

Сурет "Шахтер" сайтынан алынды.
Бұған дейін елордалық "Астана" сапында өнер көрсеткен конголық шабуылшы Жуниор Кабананга Беларусь біріншілігінде өнер көрсететін "Шахтер" командасынан кетті. 

31 жастағы шабуылшы "Шахтер" сапына қыркүйек айында ауысқан болатын. Осы уақытқа дейін ол жаңа командасында бес кездесуге қатысып, гол соға алмады. Дегенмен де Жуниор "Астананың" бұрынғы бас бапкері Роман Григорчук жаттықтыратын командамен бірге Беларусь біріншілігінің чемпионы атанды. Алайда маусым қорытындысы бойынша оның ойынан жанкүйерлердің де бапкерлердің де көңілі толмады. 

Негізі бұл шабуылшы "Астана" сапында өте сәтті ойнаған еді. 2015-2017 жылғы маусымдарда ол 57 кездесуге қатысып, 29 гол соқты. 

Қазір Кабананга клубсыз қалып отыр. Кейбір дереккөздің ақпараты бойынша, ол карьерасын Еуропада жалғастыруға ниетті екен. 





Метки:
Жаңалықтар