"Астананың" бұрынғы қорғаушысы "Арсеналмен" келісімшарт жасады

Урош Радакович. Сурет "Астана" сайтынан алынды.

27 жастағы сербиялық қорғаушы Урош Радакович тулалық "Арсенал" командасымен келісімшарт жасады. Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайты хабарлады. 

Радакович - белградтық "Црвена Звезда" командасының тәлімгері. Сондай-ақ ол "Новара (Италия), "Сигма" және "Спарт" (екеуі де Чехия), "Висла" (Краков, Польша) және "Астана" (Қазақстан) командаларының намысын қорғаған. 

Ал Ресей біріншілігінде ол "Оренбург" сапында 15 ойынға қатысып, бір гол соққан. "Арсенал" сапында орталық қорғаушы 4-нөмірімен өнер көрсетеді. 

"Астана" сапында Радакович 2020 жылғы маусымда ойнады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар