"Астананы" ұтқан "Қайрат" чемпиондық атаққа жақындай түсті

ПФЛК©
Футболдан ел премьер-лигасының 16-турындағы басты ойында "Қайрат" "Астананы" ұтып, 16 жыл күткен чемпиондық атағына жақындай түсті. 

Алматыдағы "Жас қыран" алаңында өткен ойында "Қайрат" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Маңызды ойындағы маңызды голды 31 минутта Абат Айымбетов соқты. 



41 ұпай жинаған "Қайрат" екінші орындағы "Астанадан" 14 ұпайға озды. 
Метки: