"Астанада" ойнаған Қазақстан құрамасының шабуылшысы ресейлік клубқа ауысты

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Муртазаев калининградтық "Балтика" сапына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Шабуылшы жаңа командасымен 1+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасады. Калининградтық клуб Ресейдің премьер-лигасына шығу үшін таласқа түседі. 

Муртазаев "Балтика" сапында бірнеше жаттығу өткізген. Ол ресейлік команда өкілдерінің көзіне биыл Түркиядағы жаттығу жиындарында түскен. "Астана" сапында ол жаттығу жиындарында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. 

Еске салайық, шілденің басында "Астана" Муртазаевпен келісімшартты бұзғаны туралы мәлімдеді. Оған дейін форвард "Шахтер", "Ертіс" және "Тобыл" сапында өнер көрсетті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар