"Астана" сапында ел біріншілігін екі рет жеңген футболшы командасыз қалды

Фокси Кетевоама. Сурет "Астана" сайтынан алынды.
ОАР футболшысы Фокси Кетевоама Түркияның екінші бірінші лигасында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан "Балыкесирспор" командасынан кетті,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Биыл "Балыкесирспор" командасы 18 команданың ішінде 38 ұпай жинап 13 орынға жайғасты. 34 жастағы Кетевоама 26 кездесуге қатысып, бес гол соқты. 

Бұл ойыншы қазақстандық жанкүйерлерге "Астана" сапында ойнағанымен жақсы таныс. Ол елордалық клубтың намысын 2015 және 2015 жалдар аралығында қорғаған, 109 кездесуде 26 гол салған еді. 

"Астана" сапында жартылай қорғаушы 2014 және 2015 жылдары Қазақстан чемпионы атанды. 2012 жылы Қазақстан кубогін, 2015 жылы Қазақстан суперкубогін ұтты. Одан бөлек, 2014 жылы 16 гол соғып, үздік сұрмерген атанған болатын. 

Еуропада ол "Диошдьер", "Уйпешт", "Кечкемет" және түркиялық "Газиантеп ББ" командаларының намысын қорғады. 

2002 жылдан бері ОАР құрамасына шақырту алып, ұлттық құрамасында 43 кездесу өткізген. 

Transfermarkt ақпараты бойынша қазір бұл футболшының құны 200 мың еуро екен. 


Метки: