"Астана" мен "Қайрат" арасындағы екінші кездесу қайда өтетіні анықталды

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан біріншілігінің 16-турындағы "Астана" мен "Қайрат" арасындағы маусымның басты кездесуі қайда өтетіні белгілі болды. Журналист Айдын Қожахметтің ақпараты бойынша, бұл ойын Алматы қаласындағы "Жас Қыран" стадионында өтуі мүмкін екен,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қожахметтің ақпараты бойынша, алматылық клуб ойынды Орталық стадионға ауыстыруды сұраған екен. Бұл стадионның алаңы сапалы, трансляция үшін де ыңғайлы. 

"Астана" басшылары ойлана келіп, "Реалдың" өзі де қиын кезде "Камп Ноуда" ойнауға қарсы болатынын алға тартып, ойынды басқа стадионда өткізуді қалап отыр. Оның үстінде қазір командада таңдау бар. Сол үшін де "Қайраттың" ұсынысынан бас тартқан", - деп жазды журналист. 

Айта кетейік, қазақ айының басында бұл екі команда бірінші рет кездесіп, 3:0 есебімен алматылық команданың пайдасына аяқталды. Қазіргі уақытта Алексей Шпилевский командасы "Астанадан" 11 ұпайға алға озып кетті. 





Метки:
Жаңалықтар