"Астана" клубына жаңа атқарушы директор тағайындалды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

"Астана" футбол клубының атқарушы директоры қызметіне Ергешев Бағлан Қожабайұлы тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Бағлан Қожабайұлының ойыншы ретінде де, білікті менеджер ретінде де мол тәжірибесі бар. Ол кезінде "Ордабасы", "Оқжетпес", "Атырау" және "Қайрат" футбол клубтарында доп теуіп, кейін Қазақстан Футбол Федерациясы мен Қазақстанның кәсіби футбол лигасында басқарушы лауазымдарда жұмыс істеді.

"Астана" клубында бұған дейін атқарушы директор болып жұмыс істеген Давид Лорияның бас директор қызметіне көтерілгенін айта кетейік.

Метки:
Жаңалықтар