"Астана" бірнеше қазақстандық ойыншыларды сатып алмақшы

Сурет: ҚКФЛ
Алдағы трансферлік кезеңде "Астана" командасы құрамындағы қазақстандық футболшылардың жаратып алмақшы, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Елордалық клуб Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысын сатып алуды көздеп отыр. 

Биыл "Астана" командасының бірнеше қазақстандық ойыншыларында келісімшарты аяқталады. Олардың қатарында Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Алексей Щеткин, Дмитрий Непогодов секілді футболшылар бар. 

Бұл ойыншылардың орнына елордалық клуб "Тараз" командасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен, "Тобыл" қорғаушысы Темірлан Ерланов, "Қайсар" қорғаушысы Бағдат Қайыров, Ресей біріншілігінде өнер көрсететін Роберт Бауэр, Асхат Тағыберген, Владислав Васиельев және "Жетісу" шабуылшысы Айбар Жақсылықовты сатып алуды ойластырып отыр. 

Еске салайық, биыл "Астана" соңғы алты жылда бірінші рет Қазақстан біріншілігінің чемпионы атана алмады. Одан бөлек клуб еурододаның топтық кезеңіне шықпады. Қазіргі уақытта Андрей Тихонов жаттықтыратын "Астана" 16 ойыннан кейін 27 ұпай жинап, үшінші сатыда келеді. 





Метки:
Жаңалықтар