"Астана" 2:0 есебімен ұтып тұрып жеңісті сақтап қала алмады

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

Қазақстан Премьер-лигасы 14-турының екінші ойын күніндегі алғашқы матчтардың бірінде ақтаулық "Каспий" өз алаңында елордалық "Астананы" қабылдап, 0:2 жеңіліп жатып, есепті теңестіріп кетті.

Ойынның 8 минутында Тигран Барсегян есеп ашса, 30 минутта Роман Мұртазаев қақпашының қателігінен кейін елордалықтардың екінші голын соғып, алғашқы тайм 0:2 есебімен "Астана" пайдасына шешілді.

Ал екінші таймның 52 минутында Талғат Кусяпов есеп айырмасын қысқартса, 60 минутта Аслан Дарабаев "Астана" қақпасын дәл көздеп, есепті теңестірді.

Осылайша ақтаулықтар өз алаңында қатарвнан сегізінші ойында жеңілмей, 20 ұпаймен бесінші орында келеді. Ал елордалықтар жеңіліссіз сериясын сақтап қалғанымен, екі ұпай жоғалтып, 34 ұпаймен әлі де жеке-дара көш бастап тұр

Метки:
Жаңалықтар