Андрей Тихонов "Астананың" бас бапкері қызметінен кетеді

Андрей Тихонов. Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Мәскеулік "Спартак" командасының бұрынғы футболшысы, әрі капитаны Андрей Тихонов "Астана" командасының бас бапкері қызметінен кетеді,- деп хабарлайды Kazfootball.kz порталы. 

Дереккөздің хабарлауынша, Тихоновтан бөлек, "Астанадан" жасы егде футболшыларымен команданың бас директоры Михаил Гурман, спорт директоры Ғани Қайназаров және атқарушы директор Давид Лорияда кетеді екен. 

Еске салайық, Тихонов "Астана" командасына қазан айының ортасында келді. 50 жастағы маманның бастамасымен команда төрт кездесу өткізіп, екі рет жеңіске жетсе, екі рет жеңілді. 

Қазақстан біріншілігінде "Астана" 16 ойыннан кейін 27 ұпай жинап, үшінші орында келеді. 





Метки: