Алексей Бага "Ақтөбенің" бас бапкері атанды

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.
Кеше Түркия елінде ОЖЖ өткізіп жатқан "Ақтөбе" командасының сапына бас бапкер Алексей Бага келіп қосылды. Бас бапкермен бірге оның көмекшісі Валерий Тарасенко да келді.

Бас бапкерді команда басшысы Азамат Сабыр клуб басшылығы атынан ойыншылар мен әкімшілік құрамға таныстырды. Бүгіннен бастап белоруссиялық бапкер өзінің жұмысына кірісетін болады.

Алексей Бага бапкерлік мансабын 2011 жылы бастаған. Сол жылдан 2018 жылға дейін БАТЭ клубында бас бапкердің көмекшісі болды. Ал 2018 жылы аталған клубтың бас бапкері болып тағайындалды. Өткен жылы "Жальгирис" клубымен Литва чемпионы атанып, ел Суперкубогін жеңіп алды.
Метки:
Жаңалықтар